Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласындағы соңғы ахуалды жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
5 сәуір түнгі 22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басқан.
Құтқарушылар және өзге де тартылған күш-құралдар халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.